Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті онлайн режимде ағымдағы жылғы 7-8 қыркүйекте Азия жоғары аудит органдары ұйымының (АЗОСАИ) 15-ші Ассамблеясына, Басқарма кеңесінің отырыстарына және АЗОСАИ-дың 8-ші симпозиумына қатысты.
Отырысқа қатысушылар 2018-2021 жылдардағы есепті, АЗОСАИ жұмыс топтары қызметінің қорытындыларын қарады, сондай-ақ АЗОСАИ-дың 2022-2027 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын бекітті.
Сонымен қатар, АЗОСАИ-дың қағидалары мен ережелеріне сәйкес Ассамблеяда АЗОСАИ-дың Басқарма кеңесі мен Аудиторлық комитетінің жаңа мүшелерінің сайлауы өтті.
Басқарма кеңесіне 9 жоғары аудит органдары (ЖАО) (Ауғанстан, Иран, Корея, Малайзия, Пәкістан, Филиппин, Ресей, Сауд Арабиясы, Түркия), Аудиторлық комитетке - 5 ЖАО (Әзірбайжан, Қазақстан, Корея, Моңғолия, Филиппин) ұсынылды.
АЗОСАИ Аудиторлық комитетінің жаңа мүшелерін сайлау барысында Есеп комитеті 26 дауыс жинап, 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңге АЗОСАИ Аудиторлық комитетінің құрамына кірді.
Анықтама ретінде:
Азия жоғары аудит органдарының ұйымы (АЗОСАИ) - ИНТОСАИ өңірлік ұйымдарының бірі
АЗОСАИ-ға мүшелік жарғылық мүшелер, мүшелер және қауымдасқан мүшелер түрінде көрсетіледі. Жарғыға қол қоюшылар жарғылық мүшелер болып табылады. Қауымдасқан мүшелер АЗОСАИ мүшесі болуға ниет білдірген және ИНТОСАИ-дың құрамына кіруді күткен ЖАО болып табылады.
АЗОСАИ мүшелері тек ИНТОСАИ мүшелері болып табылатын ЖАО бола алады.
АЗОСАИ-дың әрбір мүшесі ИНТОСАИ-дағы мүшелік жарналарға тең сомада жыл сайынғы мүшелік жарналарды төлейді.
Қазіргі уақытта АЗОСАИ Азия және Тынық мұхиты өңірінің 46 елін біріктіреді.