Жер ресурстарының ұтымды басқарылуын, пайдаланылуын және қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ геодезия және картография саласындағы жер ресурстарының басқарылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды

Жер ресурстарының ұтымды басқарылуын, пайдаланылуын және қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ геодезия және картография саласындағы жер ресурстарының басқарылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды

Есеп комитетінің отырысында бейнеконференцбайланыс режимінде жер ресурстарының ұтымды басқарылуын, пайдаланылуын және қорғалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ геодезия және картография саласындағы жер ресурстарының басқарылу тиімділігіне жүргізілген аудиттің қорытындысы шығарылды.

Есеп комитеті мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша барлығы 337 рәсімдік бұзушылық, 291 жүйелік кемшілік пен проблемалар анықтады, қаржылық бұзушылықтардың сомасы 592,2 млн. теңгені, тиімсіз жоспарлау – 2 640,9 млн. теңгені, тиімсіз пайдалану – 1 968,0 млн. теңгені құрады.

Есеп комитеті Үкіметке, Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Жер ресурстарын басқару комитетіне жер ресурстарын басқару саласындағы заңнаманың нақты нормаларын жетілдіру бөлігінде ұсынымдар берді.

Ұсынымдарды ескере отырып, Жер кодексінің және заңға тәуелді актілердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді нысаналы мақсаты бойынша пайдалану және бос жер учаскелері туралы ақпаратты орналастыру бөлігіндегі кейбір ережелері қайта қаралды.

Мәселен, ағымдағы жылдың 30 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды, онда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысаналы мақсатын өзгертуге тыйым салу көзделген (Жер кодексінің 97-бабының
3-2-тармағы). Заңда сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту талап етілмейтін норма көзделген (Жер кодексінің 97-бабының
3-тармағы).

Бұдан басқа, Заңмен Жер кодексінің 43-бабының 1-1-тармағы толықтырылды, ол жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында, өзінің интернет-ресурстарында және арнайы ақпараттық стенділерде бос жер учаскелері және жоспарланатын сауда-саттықтар (аукциондар) бойынша ақпаратты деректерді жаңартып отыру кезеңділігімен тоқсан сайын орналастыру міндетін көздейді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді нысаналы мақсаты бойынша пайдалану және бос жер учаскелері туралы ақпаратты орналастыру бөлігінде Жер кодексінің нормалары жетілдірілді.

Геодезия және картография саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын әзірледі.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік картографиялық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органның құзыретін көздейді. Осы заң жобасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің орталық мемлекеттік органның деңгейіне ауыстыра отырып, аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру тәртібін белгілеу жөніндегі құзыреті алып тасталады.

Есеп комитетінің аудиторлық іс-шара шеңберінде берілген қосымша ұсынымдары жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган пысықталуда және бақылауда қалады.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі