Есеп комитетінде Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия отырысының қорытындысы шығарылды

Есеп комитетінде Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия отырысының қорытындысы шығарылды

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде ағымдағы жылғы 25-26 тамызда Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы бейнеконференцбайланыс режимінде өтті.

Есеп комитеті, тексеру комиссиялары, ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, сондай-ақ өзге ұйымдардың ішінен 55 кандидатпен әңгімелесу өткізілді.

Отырыс қорытындысы бойынша 15 кандидатқа - жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігі, 26 кандидатқа - мемлекеттік аудитор біліктілігі,
2 кандидатқа - ішкі мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді, сондай-ақ
12 кандидатқа - мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тартылды. Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардан 2 сертификат қайтарып алынды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі