Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде бейнеконференция байланысы режимінде Есеп комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде бейнеконференция байланысы режимінде Есеп комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде бейнеконференция байланысы режимінде Есеп комитетінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты іс-шараға Қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Берік Төлеутайұлы Нәжімеденов, өңірлік тексеру комиссияларының барлық басшылары, сондай-ақ Есеп комитетінің қызметкерлері қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Үкіметі мен Парламенті, Есеп комитетінің бұрынғы Төрағалары, еліміздің министрліктері мен ведомстволарының басшылары, халықаралық ұйымдар – ИНТОСАИ, АЗОСАИ, сондай-ақ Ресей, Қытай, Жапония, Түркия, Оңтүстік Корея, Болгария және басқа да көптеген елдердің жоғары мемлекеттік аудит органдарының басшылары Есеп комитетін мерейтойымен құттықтады.  

Салтанатты іс-шарада Қазақстанның жоғары мемлекеттік аудит органы қызметінің негізгі қорытындысы шығарылып, Есеп комитеті қызметінің таяудағы бес жылға арналған негізгі бағыттары, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлары айтылды.  

Есеп комитетінің құрылғанына 25 жыл толуын мерекелеу аясында Есеп комитетінің қызметкерлері ведомстволық және мерекелік наградалармен марапатталды.