«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ тарату қорына 9 343,6 млн. теңге сомасында міндетті аударым жасау бойынша шаралар қабылдады

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ тарату қорына 9 343,6 млн. теңге сомасында міндетті аударым жасау бойынша шаралар қабылдады

2021 жылғы мамырда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуге, экологиялық сақтандыруға тарату қорына 2017-2019 жылдары аударым жасау бойынша міндеттемелерін орындамағаны анықталды. Осыған байланысты, Қоғамға тарату қорына 9 343,6 млн. теңге сомасында міндетті аударым жасау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасына сәйкес Қоғам тарату қорына 9 343,6 млн. теңгені аударды (2021 жылғы 25 маусымдағы төлем тапсырмасы).