Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті аудит барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдады

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің  Мемлекеттік кірістер комитеті аудит барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы мамырда салықтық және кедендік әкімшілендіру тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде салық заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты, Комитетке республикалық бюджетке есептелетін барлық салық бойынша өсімпұл бойынша артық төлемнің дұрыстығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасына сәйкес, Комитет салық төлеушілерге 5 хабарлама жіберді, олар бойынша электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алу кезінде жалпы сомасы 36 957,9 мың теңгеге қосылған құн салығы бойынша салық есептілігі түзетілмеген.

Сондай-ақ, салық төлеушілердің жеке шоттарына талдау жүргізілді, нәтижесінде өсімақы бойынша артық төлемнің жалпы көлемінде мынадай жағдайларда өсімақының артық төленген сомасы есептелгені анықталды:

- ұсынылған салық есептілігі бойынша салық міндеттемелері туындаған жағдайда, кейіннен салық міндеттемелерін төмендету жағына қосымша салық есептілігі ұсынылды;

- талап қою мерзімінің өтуі шегінде, ол бойынша салық төлеушілер бюджетке артық (қате) төленген сомаларды есепке жатқызуды (қайтаруды) жүргізуге салықтық өтініш бермеген;

- салықтық тексеру нәтижесінде хабарламалар бойынша, оған кейіннен шағым жасалған;

- есепке жатқызуды (қайтаруды) жүргізу үшін талап қою мерзімінің өтуіне байланысты өсімпұл бойынша алдағы төлемдер есебіне жатқызылатын төлемдер.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі