
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы маусымда арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудиторлық іс-шараны жүргізу барысында АЭА аумағында қатысушылардың қызметін тиімсіз жүзеге асыру фактілері анықталды, ал «Астана жаңа қала» АЭА басқарушы компаниясы АЭА жосықсыз қатысушылары бойынша қызметтің басым түріне (ҚБТ) сәйкес келмеу мәселесін назарға алмай, мемлекеттік кірістер органдарына 8 шарттың қолданылуын тоқтату туралы хабарлама жібермеді.
Осыған байланысты, «Астана – Технополис» АЭА БК» АҚ-ға АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды бұзу рәсіміне бастамашылық ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін «Астана – Технополис» АЭА БК» АҚ АЭА-ның 4 қатысушысы бойынша: «СРKazConstractionGroup» ЖШС; «Ickep ЖК» ЖШС; «Ipek Kagit Central Azia Azia» ЖШС; «АБК-Мақсат» ЖШС шарттар бұзылды. «Wood Art» ЖШС бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы және «Астана – Технополис» АЭА БК» АҚ тексеру актісімен «Корпустық жиһазды шығару фабрикасы» объектісінің құрылыс жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары расталды.«Led system media» ЖШС бойынша мемлекеттік аудит жүргізілгеннен кейін АЭА аумағындағы ҚБТ-ға сәйкес электр техникалық жабдықтарды өндіру бойынша жұмыс жаңартылды.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі