«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Есеп комитетінің тапсырмасын орындады

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС  Есеп комитетінің тапсырмасын орындады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы ақпанда «Біріккен химиялық компания» ЖШС және оның еншілес ұйымдары активтерінің басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Мемлекеттік аудит барысында «Karabatan Utility Solutions» ЖШС Даму жоспары мен Бюджетті әзірлеу, келісу, бекіту, түзету және орындалуын мониторингтеу қағидаларын бұза отырып, Даму жоспарларының (Бизнес-жоспарлардың) орындалуы туралы есептерді бекітпегені анықталды.

Осыған байланысты, «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-на Бақылау кеңесіне Бизнес-жоспардың орындалуы туралы есепті бекіту функциясын бекітіп беру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Бақылау кеңесінің 2021 жылғы            23 маусымдағы шешімімен (№17/21 хаттама) Бизнес -жоспар мен Бюджетті әзірлеу, келісу, бекіту, түзету, орындау және мониторингілеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, Байқау кеңесіне Бизнес-жоспарды орындау бойынша есепті бекіту функциясын бекітіп беруді көздейтін өзгеріс енгізілді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі