«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ лауазымды адамдарына қатысты шаралар қабылданды

«Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ лауазымды адамдарына қатысты шаралар қабылданды

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы маусымда арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы» АҚ қызметінде бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. Осыған байланысты, компания Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау жөнінде шаралар қабылдады.

Жасалған бұзушылықтар үшін «Ақтау теңіз порты» АЭА »АҚ төрағасының орынбасарына сөгіс жарияланды.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі