
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы ақпанда «Біріккен химиялық компания» ЖШС және оның еншілес ұйымдары активтерінің басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Мемлекеттік аудит барысында «Біріккен химиялық компания» ЖШС қызметінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты заңнаманың бұзылуына жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
Осылайша, Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін «Біріккен химиялық компания» ЖШС-ның келесі лауазымды адамдарымен еңбек қатынастары тоқтатылды: М.С. Сонин – Жобалар портфелі жөніндегі басқарушы директоры; И.Е. Тағашев – «Біріккен химиялық компания» ЖШС-ның Басқарма төрағасы; Ә.Ә. Құлдүйсенов – «Біріккен химиялық компания» ЖШС-ның корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры, және басқа да бірқатар қызметкерлер.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі