
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы маусымда арнайы экономикалық аймақтар қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит барысында «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ қызметінде бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. Осыған байланысты, компания Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына жол берген лауазымды адамдардың жауапкершілігін қарау жөнінде шаралар қабылдады.
Осылайша, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ-ның 2021 жылғы 22 шілдедегі бұйрығымен бас директордың орынбасары мен инвесторларды тарту және қолдау бөлімінің бастығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі