
2021 жылғы ақпанда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ және оның еншілес ұйымдары активтерінің басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит барысында «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС ұзындығы 4 км №13 технологиялық жол учаскесінде автомобиль жолын реконструкциялау кезінде 9 млн. теңге сомасына асфальтбетон жабынының ақауларын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етпегені анықталды.
Осыған байланысты Есеп комитеті бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Кепілдік міндеттемелерге сәйкес, «Тараз-көлік жолы» ЖШС асфальтбетон жабынының ақауларын қалпына келтіру жұмыстарын толық көлемде орындады.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі