
2021 жылғы мамырда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары активтерінің басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Мемлекеттік аудит барысында «ҚазТрансОйл» АҚ және «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның қызметінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты Есеп комитеті Мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырған болатын.
Аудит объектілері Есеп комитетінің нұсқамасын орындады.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі