
2020 жылдың қараша айында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағытының және Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының іске асырылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының жекелеген бюджеттік бағдарламалар әкімшілері орындалмаған жұмыс көлеміне төлем жасағаны, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге бюджеттен артық қаражат көздегені анықталды, жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттар жоқ, жобалардың баланстық құны көтерілмеген, осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне 2014 жылдың 1 наурызына дейін 1144,8 млн. теңге мөлшеріндегі соманың өтелуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
Есеп комитетінің тапсырмаларын орындау үшін, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары ұсынған ақпаратқа сәйкес жалпы сомасы 1116,8 миллион теңгені құрайтын қаражаттың өтелуі қамтамасыз етілген.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі