Есеп комитетінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы жекелеген қызметтеріне тарифтерді төмендету жөніндегі тапсырмасы орындалды

Есеп комитетінің «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясының зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы жекелеген қызметтеріне тарифтерді төмендету  жөніндегі тапсырмасы орындалды

2017 жылғы қарашада Есеп комитеті халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтің тиімділігі мен бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізді.

Осы аудиттің қорытындысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өндірістік персоналына еңбекақы төлеу бойынша көрсетілетін қызметтерге тарифтердің көтерілуіне әкелетін уақыт нормаларының жоқ екендігі анықталды.

Осыған байланысты, Жоғары аудит органы өндірістік персоналға еңбекақы төлеу бойынша шығындарды азайту жағына қарай қайта қарау бойынша шаралар қабылдауды, кейіннен мыналар:

- бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан оның өтініші бойынша міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) олар бойынша өсімпұлды қайтару (1-тариф);

- төлеушіге жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін аударылған әлеуметтік аударымдардың сомаларын қайтару, сондай-ақ әлеуметтік аударымдардың қате есептелген немесе артық төленген сомаларын және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды қайтару (2-тариф);

- зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері туралы ақпарат беру (3-тариф) бойынша көрсетілген қызметтерге тарифтерді өзгертуді тапсырды.

Бүгінгі күні Есеп комитетінің осы тапсырмасын орындау үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ведомстволық бұйрығымен аталған тарифтер орташа есеппен 2,5 есеге төмендетілді (1-тариф - 403,02-ден 141,86 теңгеге дейін, 2-тариф – 485,35-тен 180,44 теңгеге дейін,                   3-тариф – 181,92-ден 180,44 теңгеге дейін, 3-тариф – 181,92-ден 103,11 теңгеге дейін).