
2020 жылғы желтоқсанда Есеп комитеті Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражатты пайдаланудың тиімділігіне аралық бағалау жүргізді.
Осы аудиттің қорытындысы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты мен азық-түлік тауарларының импорты бойынша көлемдерді айқындау үшін кедендік статистика жіктеуіші (СЭҚ ТН) бойынша азық-түлік тауарларының тізбесін іріктеудің әдіснамалық тәсілдерін көздемегені анықталды. Бұл тамақ өнімдерінің азық-түлік қауіпсіздігін бағалау мен есептеудің анықтығына әсер етеді.
Аудит жүргізу кезінде азық-түлік қауіпсіздігін іске асыру шеңберінде азық-түлік тауарларын есептеу бойынша уәкілетті министрліктің пайдаланып отырған әдістері мен тәсілдері дұрыс болмады. Мәселен, Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша ең төменгі тұтыну себетіне кіретін тауарлардың 19 түрі болғанмен, 80%-дан кем азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілу тауарлардың алты түрі бойынша ғана болды.
Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Есеп комитетінің тиісті тапсырмасын орындау үшін Әдістемелік ұсыным әзірледі және бекітті, онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының толық қамтылуы қамтамасыз етіліп, олармен қамтамасыз етілу деңгейін есептеу тәртібі регламенттелді.