Есеп комитеті «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ активтерінің басқарылу тиімділігіне жүргізілген аудиттің нәтижелерін қарады

Есеп комитеті «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ активтерінің басқарылу тиімділігіне жүргізілген аудиттің нәтижелерін қарады

Есеп комитетінің кезекті отырысында «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ активтерінің басқарылу тиімділігіне жүргізілген аудиттің нәтижелері қаралды.

2019 жылғы аудитте белгіленген геологиялық барлау мен жер қойнауын пайдалануда бірқатар жүйелі проблемалар мен кемшіліктерді, соның ішінде уәкілетті министрліктер арасындағы функцияларды дұрыс бөлуге және қайталануды болдырмауға қатысты мәселелерді жою жүзеге асырылмағаны атап өтілді.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ жүктелген функцияларды, соның ішінде - техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу; залалды кеніштер мен қалдық қоймаларын жою және консервациялау бағыттары бойынша толық көлемде іске асырмайды. Экономикалық қосылған құн, рентабельділік, объектілер құрылысының жекелеген кезеңдерін іске қосу, кен орындарын өнеркәсіптік игеру, стратегиялық әріптестерден инвестициялар тарту жөніндегі қызметтің түйінді көрсеткіштері бойынша стратегиялық мақсаттар мен көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.

Аудит материалдары Есеп комитетінің отырысында қаралды, оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Индустрия және инфрақұрылымдық даму; қаржы; экология, геология және табиғи ресурстар министрліктеріне; «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі