Есеп комитетінің халық арасында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жандандыру жөніндегі тапсырмасы орындалды

Есеп комитетінің халық арасында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жандандыру жөніндегі тапсырмасы орындалды

2020 жылғы қазанда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының іске асырылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудиторлық іс-шара барысында осы Мемлекеттік бағдарламаның тиісті бағытын іске асыру кезінде үлгілік жобалары 2017 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен сомасы 100,3 млн. теңгеге әзірленген жеке тұрғын үй құрылысына халықты ынталандыру құралдары толық көлемде тиімді іске асырылмайтыны анықталды.

Бүгінгі күні Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін уәкілетті мемлекеттік орган жеке тұрғын үйлер құрылысының үлгілік жобаларын одан әрі халық арасында тарату үшін облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне берді. Сондай-ақ, 2021 жылғы қаңтардан бастап осы үлгілік жобалар «Бірыңғай портал және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесі алаңындағы құрылыс жобаларының мемлекеттік электрондық банкі» модулінде орналастырылған.