«Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да жүргізілген аудит қорытындысы бойынша Есеп комитеті тапсырмасының орындалуы туралы

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ-да жүргізілген аудит қорытындысы бойынша Есеп комитеті тапсырмасының орындалуы туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы наурызда «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы активтерінің басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аталған аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша қызметтің қол жеткізілмеген негізгі көрсеткіштері, активтердің тиімсіз пайдаланылғаны, сондай-ақ сомасы 8,5 млрд. теңгеге кредиттік қаражатты мақсатсыз жұмсалғаны анықталды.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Жоғары аудит органының тиісті тапсырмасын орындау үшін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ директорларының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату және жаңа құрамын сайлау бойынша шаралар қабылдады, сондай-ақ Басқарма мүшелері - Сатып алу және объектілерді басқару жөніндегі басқарушы директор және Сатып алу және объектілерді басқару департаментінің директоры тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен бірге, Қор Есеп комитетінің осы Қоғамның одан әрі жұмыс істеуінің орындылығы туралы тапсырмасын қарап, алдына қойылған міндеттерді аяқтағаннан кейін іске асыратын болады.