«EIS Corporation» ЖШС-мен есеп айырысу жүргізілді

«EIS Corporation» ЖШС-мен есеп айырысу жүргізілді

2020 жылғы қыркүйекте Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының активтерін басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит қорытындысы бойынша «Eis Corporation» ЖШС-ның сомасы 196,0 млн. теңгеге ЖСҚ-да көзделген жұмыс көлемі мен түрлерін орындамағаны  анықталды, осыған байланысты «Алатау Жарық компаниясы» АҚ-ға 2021 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде  «Горный гигант» ҚС-220/110/10 кВ №131А жүктемесін  «Ерменсай» ҚС-220/110/10-6 кВ ауыстыру» жобасы бойынша сомасы 196,0 млн. теңгеге  орындалмаған жұмыс көлемдері мен түрлерінің сомасын қалпына келтіру немесе өтеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін 12.03.2019 жылғы № 2019/0066С және 27.07.2016 жылғы №2016РБ001 шарттар бойынша «Eis Corporation» ЖШС-мен 332,3 млн. теңге мөлшерінде өзара есеп айырысу жүргізілді және 23,2 млн. теңге сомасындағы айырма «Алатау Жарық компаниясы» АҚ-ның шотына енгізілді.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі