«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сырттан консультациялық қызметтерді тартуды көздемейтін Жылдық аудиторлық жоспарды бекітті

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сырттан консультациялық қызметтерді тартуды көздемейтін Жылдық аудиторлық жоспарды бекітті

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылғы қыркүйекте «Самұрық-Энерго» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының активтерін басқару тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Мемлекеттік аудит барысында компания бөлімшелерінің функционалдық міндеттерінің бір бөлігі бөгде консалтингтік ұйымдарға берілгені анықталды, осыған байланысты «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға орындалуы Ішкі аудит қызметтеріне жүктелген ағымдағы мәселелерді бөгде консалтингтік ұйымдарға беруді бақылауды ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы шешімімен Ішкі аудит қызметінің 2021 жылға арналған жылдық аудиторлық жоспары бекітілді, онда сырттан консультациялық қызметтерді тарту көзделмеген.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі