Денсаулық сақтау министрлігі Есеп комитетінің тапсырмасын орындады

Денсаулық сақтау министрлігі Есеп комитетінің тапсырмасын орындады

2019 жылдың қарашасында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға, сақтауға және пайдалануға бөлінген қаражаттың пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу»  аудиторлық іс-шарасын жүргізді.

Жүргізілген мемлекеттік аудит барысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесінде болмауы анықталды, Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауға, ең алдымен тамақ өнімдерін сақтауды жүзеге асыратын жауапты объектілердің тізбесіне енгізу мәселесін қарау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 30 қарашадағы № 220 бұйрықпен Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау, соның ішінде тамақ өнімдерін сақтауды жүзеге асыратын объектілерді қоса отырып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекітті.

Есеп комитетінің баспасөз қызметі