МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТОР БІЛІКТІЛІГІН ИЕЛЕНУГЕ ҮМІТКЕР АДАМДАРДЫ СЕРТИФИКАТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТОР БІЛІКТІЛІГІН ИЕЛЕНУГЕ ҮМІТКЕР АДАМДАРДЫ СЕРТИФИКАТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде 2021 жылғы 11 маусымда бейнеконференцбайланыс режимінде Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті. 

Есеп комитеті, тексеру комиссиялары, Ішкі мемлекеттік аудит комитеті, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар, сондай-ақ өзге ұйымдардың қызметкерлері арасынан 34 кандидатпен әңгімелесу өткізілді.  

Ұлттық комиссияның мүшелері олардың кәсіби  және әдептілік қасиеттеріне баға берді.

Отырыс қорытындысы бойынша 4 кандидатқа - жоғары санатты мемлекеттік аудитор біліктілігі, 17 кандидатқа - мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді. 12 кандидатқа - мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден, 1 кандидатқа - ішкі мемлекеттік аудитор біліктілігін беруден бас тартылды.

 

 Есеп комитетінің баспасөз қызметі