Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының тексеру қорытындысы шығарылды

Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының тексеру қорытындысы шығарылды

А.ж. 19 мамырда бейнеконференцбайланыс режимінде Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының қызметін жоспарлы тәртіппен бағалау қорытындыларын шығару бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің отырысы өтті.

Аталған тексеру қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қызметінде бірқатар жүйелі кемшіліктер мен бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- аудиторлық дәлелдемелердің анықтығы мен объективтілігінің қамтамасыз етілмеуі;

- аудиторлық іс-шараларды заңдық сүйемелдеу деңгейінің төмендігі;

- аудиторлар құзыретінің төмендігі;

- аудит материалдарының сапа бақылауының тиісінше жүзеге асырылмауы;

- Жоғары мемлекеттік аудит органы жүргізетін бағалаудың объективтілігіне әсер ететін анық емес есептік деректердің ұсынылуы.

Сонымен қатар, Есеп комитеті аудиторларының жұмысына кедергі келтіру фактісі бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы
А.Х. Райымбаевқа қатысты әкімшілік іс қозғалды, ол 2021 жылғы 12 мамырда Алматы қаласының мамандандырылған сотының қаулысымен әкімшілік жауапқа тартылды.

Отырысқа бейнеконференцбайланыс режимінде Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, сондай-ақ өңірлік тексеру комиссиясының төрағасы, мүшелері және аппарат басшысы қатысты.

Аталған іс-шараның қорытындысы бойынша мәслихатқа тиісті ұсынымдар қабылданып, Алматы қаласының тексеру комиссиясына қызметінің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған тапсырмалар берілді.