
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылғы мамырда алғаш рет республикалық бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит барысында қаржылық инвестициялар және кредиторлық берешек бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасындағы өзара операциялар бойынша тең сомаларды алып тастауды нормативтік тұрғыдан бекітудің болмауына байланысты шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде жекелеген кемшіліктер анықталды.
Сонымен қатар, салық түсімдері бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек деректерінің салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша жинтық есептің бересі және артық төлеу деректерімен сәйкестігі бойынша нормативтік талаптар болған жоқ.
Бүгінгі күні Жоғары аудит органының тиісті тапсырмаларын орындау үшін Қаржы министрлігі шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау, сондай-ақ онда бюджет түсімдерін көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.