Ұлттық Банк активтерінің пайдаланылуына жүргізілген аудиттің қорытындылары бойынша Есеп комитеті тапсырмасының орындалуы

Ұлттық Банк активтерінің пайдаланылуына жүргізілген аудиттің қорытындылары бойынша Есеп комитеті тапсырмасының орындалуы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2019 жылғы маусымда Қазақстан Републикасы Ұлттық Банкі активтерінің пайдаланылуына, Қазақстан Републикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуына және пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізді.

Қазіргі уақытта аталған аудиторлық іс-шараның қорытындылары бойынша Есеп комитетінің тиісті тапсырмасын орындау үшін Ұлттық Банктің стратегиялық жоспарында оның қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық қордың активтерін басқару жөніндегі міндеттер, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер саласының сапасын арттыру, банк секторының тұрақтылығын арттыруға жәрдемдесу жөніндегі шаралар бөлігінде толықтырулар бекітілді.