
2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебіне Есеп комитетінің қорытындысы Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізілді.
Бүгін Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінде аталған Қорытынды таныстырылды.
Осындай талқылаулар барлық салалық комитеттерде, сондай-ақ еліміздің Парламентінің төменгі палатасының тиісті Жұмыс тобының отырысында өтеді.
Ағымдағы жылдың маусым айында Жоғары аудит органының Қорытындысы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында қаралатын болады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/esep/documents/details/167917?lang=kk