
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылғы қазанда «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының іске асырылу тиімділігіне бағалау жүргізді.
Аталған аудиторлық іс-шараның барысында COVID-2019 пандемиясы жағдайында дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының игерілуі есебінен қол жеткізу болжанған нәтижелер көрсеткіштерінің жоқ екені анықталды.
Қазіргі уақытта Есеп комитетінің тиісті тапсырмасын орындау мақсатында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына «Шаңырақ» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде халықтың 14 мың кредиттік пәтерді сатып алуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін толықтырулар енгізілді.