Міндетті зейнетақы жарналарын есепке алуды автоматтандыру процесін жетілдіру

Міндетті зейнетақы жарналарын есепке алуды автоматтандыру процесін жетілдіру

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2019 жылғы маусымда Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.   

Аудит барысында міндетті зейнетақы және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының жеке зейнетақы шоттарына агенттерден түсетін түсімдердің жүйелілігі бойынша есепке алу және салыстыру жүйесіндегі кемшіліктер анықталды.

Бүгінде Есеп комитетінің тиісті ұсынымдарын іске асыру мақсатында Еңбек және халықты әлеуметті қорғау министрлігі «Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Интеграцияланған деректер базасы» ақпарттық жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз етті.  

Аталған өзара интеграциялық іс-қимыл «Smart Bridge» платформасын пайдалана отрырып жүргізілді және жеке тұлғалар бөлінісінде міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары агенттерінен түсетін түсімдердің жүйелілігі туралы ақпарат беруді көздейді.