«Karabatan Utility Solutions» ЖШС заңнама бұзушылықтарына жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығына қатысты шаралар қабылдады

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС заңнама бұзушылықтарына жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығына қатысты шаралар қабылдады

2021 жылғы ақпанда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «Біріккен химиялық компания» ЖШС және оның еншілес ұйымдары активтерінің басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит қорытындысы бойынша «Karabatan Utility Solutions» ЖШС жұмыстардың аяқталу мерзімдерінің бұзылуына байланысты тұрақсыздық айыбын, өсімпұлды өндірмегені, қосалқы станция аумағын көгалдандыру бөлігінде құрылыс жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етпегені, Атырау облысындағы «ҰИМТ» АЭА алаңішілік автожолының учаскелері («Қарабатан» учаскесі) бойынша жұмыстарды сапасыз орындағаны анықталды, осыған байланысты «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-на 2021 жылғы 2 сәуірге дейін заңнама бұзушылықтарына жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін «Karabatan Utility Solutions» ЖШС Басқарма төрағасының бұйрығымен Құрылыс және жобалау жөніндегі басқарушы директорға сөгіс жарияланды. 

 

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі