«KEGOC» АҚ-ның даму стратегиясын жетілдіру

«KEGOC» АҚ-ның даму стратегиясын жетілдіру

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылы «KEGOC» акционерлік қоғамы активтерінің пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізді.

Аталған аудиторлық іс-шара барысында тізбеде электр энергетикасы жабдығының тозу деңгейін төмендету проблемасын шешуге ықпал ететін қоғам дамуының стратегиялық көрсеткіштерінің жоқ екені анықталды.

Есеп комитетінің тиісті тапсырмасын орындау шеңберінде уәкілетті Энергетика министрлігі энергия беруші ұйымдардың негізгі электр желілік жабдықтарының тозуын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеп, бекітті.

Өз кезегінде, «KEGOC» АҚ осы ұсынымдардың негізінде электр желілерінің табиғи тозуына бағалау жүргізді, сондай-ақ 2028 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жоспарына электр энергетикасы желілері мен жабдықтары тозуының төмендеу деңгейін көрсететін нысаналы көрсеткішті енгізді.