
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2019 жылғы маусымда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің басқарылу тиімділігіне жүргізілген аудиттің қорытындылары бойынша бәсекелес нарық жағдайында зейнетақы активтерінің тиімсіз басқарылу фактілерін анықтады.
Үкіметке Ұлттық Банкімен бірлесіп, зейнетақы активтерін басқару құқығына үміткер жеке компаниялардың қызметіне қойылатын талаптарды белгілеу мәселесін қарау ұсынылды.
Қазіргі уақытта осы ұсынысты іске асыру шеңберінде Үкімет «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға тиісті түзетулер енгізілді, сондай-ақ салымшылардың зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беру және жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының есебін жүргізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер қабылданды.