
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2021 жылғы наурызда «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы активтерінің басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Аталған аудиттің қорытындысы бойынша осы компанияның қызметін жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсынымдар берілді.
Бүгінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Жоғары аудит органының тиісті ұсынымын орындау мақсатында «Жасыл орам» жобасын іске асыру үшін нысаналы салым ретінде «АТФ Банк» АҚ-да орналастырылған қаражаттың толық және уақтылы қайтарылуына мониторинг жүргізді.
«АТФ Банк» АҚ мониторингілеу нәтижелері бойынша Қоғамның шотына сомасы 2,6 млрд. теңге ақшалай қаражат мерзімінен бұрын қайтарылды.