Кезекті үміткерлерге мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді

Кезекті үміткерлерге мемлекеттік аудитор біліктілігі берілді

 2021 жылғы 28 сәуірде Есеп комитетінің ғимаратында бейнеконференцбайланыс режимінде Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.

 Отырыста Ұлттық комиссия мүшелері Есеп комитетінің, өңірлік тексеру комиссияларының, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ өзге де ұйымдардың қызметкерлерінен мен жеке тұлғалардан тұратын 36 кандидатпен әңгімелесу өткізді.

Жалпы, сертификаттау екі кезеңнен тұрады – үміткерлердің білімін растау және олардың Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтуі және олардың кәсіби, іскерлік қасиеттері мен әлеуетті мүмкіндіктерін жан-жақты және объективті сипаттау мақсатында жүргізіледі.  

Есеп комитетінің Төрағасы басшылық ететін Ұлттық комиссияның құрамында Парламент Мәжілісі мен Сенаттың бейінді комитеттерінің депутаттары, Есеп комитеті, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Үкіметінің, сондай-ақ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің өкілдері бар.  

Ұлттық комиссияның дербес құрамымен, қызметі туралы ақпаратпен және сертификаттау процесін жүргізу тәртібімен Есеп комитетінің ресми сайтының «Қызметі» бөлімінде толығырақ танысуға болады.