Бүгін бейнеконференцбайланыс режимінде Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының үйлестіру кеңесінің VIII отырысы өтті.
Іс-шараға қаржы вице-министрі Д.М. Кеңбейіл, Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Б.Т. Нәжімиденов, өңірлік тексеру комиссияларының төрағалары, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қарағанды облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметтерінің басшылары қатысты.
Отырыста мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау (МАҚБ) органдарының 2020 жылғы бірінші және екінші жартыжылдықтағы қызметін бағалау бойынша, сондай-ақ олардың Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын сақтауы бойынша қорытындылар қаралды.
Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстары және Алматы қаласы бойынша тексеру комиссияларының, сондай-ақ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің қызметтеріне жүргізілген Есеп комитетінің тексеру қорытындылары бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласында тиісті жұмыс деңгейін қамтамасыз ету бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды талап ететін жүйелі кемшіліктер мен бұзушылықтар анықталды.
Іс-шараға қатысушылар МАҚБ органдары қызметін жоспарлы тәртіппен бағалау нәтижелерін және тиімділік аудитін жүргізуді жетілдіру мәселелерін де талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша МАҚБ органдарының Үйлестіру кеңесінің мүшелері:
- МАҚБ органдарына тиісті аудиттердің қорытындылары бойынша заңнамадағы олқылықтар мен қайшылықтарды жоюға, бюджет қаражаты мен активтерді тиімсіз жоспарлауды және/немесе пайдалануды анықтауды көздейтін аудиттерді барынша қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған нақты ұсынымдар әзірлеу бөлігінде олар жүргізетін бағалау көрсеткіштерін жақсартуды ұсыну;
- Ішкі мемлекеттік аудит комитетіне ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіруді күшейтуді, оларға әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етуді ұсыну;
- тиімділік аудитін практикаға толыққанды енгізу үшін қабылданған шараларды мақұлдау және Есеп комитетінің аппаратына тиімділік аудитін жүргізу әдіснамасын жетілдіруге бағытталған нормативтік құжаттарды уақтылы әзірлеу мен бекітуді тапсыру жөнінде шешім қабылдады.