
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылы салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит барысында салықтық және кедендік әкімшілендіру заңнамасын бұзу, сондай-ақ кәсіпкерлерді қолдау және салықтар төлеуді ынталандыру бойынша салық амнистиясы мақсатына қол жеткізбеу бөлігінде алдыңғы аудиторлық іс-шаралардың бірнеше рет қайталанған фактілеріне назар аударылды, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
- салықтық және кедендік заңнамалардың жыл сайын анықталатын бұзушылықтарына және олардың жүйелік сипатына;
- шағын және орта бизнес субъектілерін сауықтыруға бағытталып жүргізілген салық амнистиясының мақсаттарына қол жеткізілмеуіне назар аудару ұсынылды.
Есеп комитетінің ұсынымдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында мынадай жұмыстар жүргізді:
1) 2020 жылғы 21 шілдедегі №248 бұйрығымен Тіркелуін (қайта тіркелуін) сот жарамсыз деп таныған, және (немесе) іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды жөнелтпей жеке кәсіпкерлік субъектілері және олардың контрагенттері жасаған (жасалған) шот-фактураны және (немесе) басқа да құжатты есептен шығару бойынша мәміле (операциялар), іс-қимылдар (іс-қимыл) сот актісімен заңды күшіне енген болып танылған салық төлеушілерге қатысты мемлекеттік кірістер органдарының іс-әрекеттерін ұйымдастырудың жаңа тәртібі бектілді.
2020 жылғы 8 маусымдағы №177 бұйрығымен Комитеттің Мемлекеттік кірістер департаменттері қызметінің тиімділігін рейтингтік бағалау әдістемесіне өзгерістер енгізілді.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (бұдан әрі - СЭҚҚ) санаттарға бөлу тәртібін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде жүйе санатқа жатқызу үшін қолданылатын өлшемшарттардың түзету коэффициентін дербес анықтайды, сонымен қатар қандай да бір өлшемшарттың нәтижелілігін бағалайды. СЭҚҚ санаттау кезінде деректерді зияткерлік талдау үшін қолданылатын НҚА-ны әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.
2) Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауында белгіленген салық төлеушілердің негізгі борыш сомасын төлеу шартымен есептелген өсімпұл мен айыппұлдарды есептен шығару арқылы шағын және орта бизнес субъектілері үшін салық амнистиясын жүргізуге қатысты тапсырмаларын орындау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жеке шотқа есептелген бересі сомасын 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін салық төлеуші төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын есептен шығаруды көздейтін 57-1-баппен толықтырылды.
Осы акцияға қатысқан және оларға қатысты салық амнистиясы қолданылған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 55 593 құрады, төленген бересі сомасы 27,4 млрд. теңгені құрайды, ал есептен шығарылған өсімпұлдар мен айыппұлдар - 11,0 млрд. теңге.
Салық амнистиясын жүргізудің тиімділігін арттыру үшін салық төлеушілерге салық амнистиясына қатысуға мүмкіндік беретін өлшемшарттар ұлғайтылды (Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы №306 бұйрығымен бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді).
Есеп комитетінің баспасөз қызметі