
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) 2020 жылғы наурызда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның және оның еншілес компанияларының республикалық бюджет қаражатын және квазимемлекеттік сектор активтерін пайдалануының тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит нәтижелері бойынша банктік операцияларды жүргізу үшін мөлшерлемелер мен тарифтердің шекті мәнін анықтау, екінші деңгейлі банктер (бұдан әрі - ЕДБ) арқылы қаржыландырылатын Жобалардың төлем тәртібі, ұзартылуы және оларды қайта құрылымдау туралы мәліметтерді ЕДБ-дан алу бойынша мониторингілеу тетігін әзірлеу қажет екендігі анықталды, осыған байланысты Есеп комитеті «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ға (бұдан әрі - «ҚДБ» АҚ) 2020 жылдың 21 желтоқсанына дейін:
- Банктің Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 15 ақпандағы шешімімен бекітілген «ҚДБ» АҚ-да операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы қағидаларда банктік операцияларды жүргізуге арналған мөлшерлемелер мен тарифтердің шекті мәнін анықтау;
- Үкіметтің «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» 2015 жылғы 11 наурыздағы №124 және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №1276 қаулылары шеңберінде екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландырылатын Жобалардың төлем тәртібі, ұзартылуы және оларды қайта құрылымдау туралы мәліметтерді екінші деңгейлі банктерден алу бойынша мониторингілеу тетігін әзірлеу бойынша шаралар қабылдау тапсырды.
«ҚДБ» АҚ Есеп комитетінің тапсырмаларын орындау мақсатында «ҚДБ» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі шешімімен (№236-2020-07 хаттама) «ҚДБ» АҚ-да операцияларды жүргізудің жалпы шарттары туралы қағидаларға банктік операцияларды жүргізуге арналған мөлшерлемелер мен тарифтердің шекті шамасын анықтау бөлігінде тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, ЕДБ-мен қосымша келісімдер жасаған, мұнда ЕДБ арқылы қаржыландырылған Жобалардың төлем тәртібі, ұзартылуы және оларды қайта құрылымдау туралы мәліметтерді алуды мониторингілеу тетігі көзделген.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі