Алматы облысының әкімдігі Есеп комитетінің нұсқамасын орындады

Алматы облысының әкімдігі Есеп комитетінің нұсқамасын орындады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылы республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін жалпы сипаттағы трансферттер мен нысаналы трансферттерді және дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражатты жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит барысында Талғар ауданының білім бөлімі мемлекеттік білім беру тапсырысы шарттарының талаптарын бұза отырып, мектепке дейінгі балалар ұйымдары  қызметтерінің сомасы 7,0 млн.теңгеге асырылған құнына  негізсіз төлем жасағаны анықталды, осыған байланысты  Алматы облысының әкіміне «Талғар ауданының білім бөлімі» ММ-ның мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысының шарттары бойынша сомасы 7,0 млн.теңге негізсіз төленген бюджет қаражатын өтеуі бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау мақсатында «Талғар ауданының білім бөлімі» ММ бюджетке сомасы 31,0 мың теңге негізсіз төленген бюджет қаражатын қайтарды.

2020 жылдың қыркүйегінде жан басына шаққандағы қаржыландыру тарифі бойынша бір балаға жұмсалатын шығын құнын жалпы сомасы 6976,0 мың теңгеге ұлғайтуға 95 білім беру ұйымымен қосымша келісімдер жасалып, тіркелген.

 

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі