
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) Мемлекеттік аудит объектілерінің 2020 жылға арналған тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына қорытынды бағалау, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізді.
Аудит барысында квазимемлекеттік сектор субъектілеріне аутсорсингке арналған құрылтай құжаттарымен жүктелген мемлекеттік тапсырмалар шеңберінде оларға функцияларды беру бойынша бірыңғай тәсілдің жоқ екені анықталды.
- «Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығы» акционерлік қоғамына 2021 жылдың 31 наурызына дейін «Транстелеком» АҚ-ның сомасы 35,2 млн.теңге қаражатты қайтаруы бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
Есеп комитетінің ұсынымын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 41-бабына (2020 жылғы 25 желтоқсан) мемлекеттік қызметтерді 50%-дан аспайтын көлемде орындау бойынша қосалқы мердігерлерді тартуға тыйым салу бөлігінде толықтырулар енгізілді.
«Инжиниринг және технологиялардың трансферті орталығы» АҚ Есеп комитетінің тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылғы 5 наурызда «Транстелеком» АҚ-мен Шартты бұзу туралы Келісімге қол қойды және 35,2 млн.теңге мөлшеріндегі инновациялық грант қаражатты толық көлемде қайтарылды.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі