«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ еншілес ұйымдардың 9 басшысын тәртіптік жауаптылыққа тартты

«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ еншілес ұйымдардың 9 басшысын тәртіптік жауаптылыққа тартты

Есеп комитетінің «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын аралық бағалау, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері бойынша тапсырмасын орындау үшін «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (КЕАҚ) Директорлар кеңесінің шешімдерімен бюджеттік инвестициялар нәтижелеріне қол жеткізбегені және қаржы-экономикалық негіздемелерді іске асыру кезінде заңнаманы бұзғаны үшін еншілес ұйымдардың 9 басшысы «сөгіс» түрінде тәртіптік жауаптылыққа тартылды. («Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС, «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС, «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС, «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС, «Ж. Жиенбаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Заречное» ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС, «Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС, «А.Ф. Христенко атындағы Қарағанды ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС, «Павлодар ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС).

Бұдан басқа, бұрын Директорлар кеңесінің шешімімен «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды және «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Басқарма төрағасы қызметінен шеттетілді, оның үстінен бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі