
2020 жылғы желтоқсанда Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын аралық бағалауға, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит барысында берілген қарыздарды қайтармау тәуекелдері атап өтілді, осыған байланысты «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына 2021 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның кепіл саясатын қайта қарауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Есеп комитетінің тапсырмаларына, «АНК» АҚ ДК шешіміне сәйкес «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ кепіл саясатына берілген қарыздарды қайтармау тәуекелдерін төмендетуді, сондай-ақ қарыз алушыға/кепілгерге, қамтамасыз ету құрылымына, қамтамасыз етудің кешенділігін сақтауға қойылатын талаптарды көздейтін өзгерістер енгізілді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі