Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың жауаптылығы бойынша шаралар қабылдады

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың жауаптылығы бойынша шаралар қабылдады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-бағытының және Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының іске асырылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудит қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкіміне Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін 97 230 теңге сомасында айыппұл сала отырып, «Семей қаласының құрылыс бөлімі» ММ басшысы, сондай-ақ 111,1 мың теңге сомасында айыппұл сала отырып, «Қатонқарағай орталық аудандық кітапханасы» КММ директоры әкімшілік жауаптылыққа  тартылды.

«Сөгіс» түрінде 9 адам, «ескерту» түрінде 8 адам тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі