«Интеграцияланған карта» модуліне қол жетімділік қамтамасыз етілді

«Интеграцияланған карта» модуліне қол жетімділік қамтамасыз етілді

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-бағытының және Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының іске асырылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аталған тексерудің қорытындысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (ЕХӘҚМ) Жұмыспен қамту жол картасының іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалары туралы деректерді уақтылы және толық енгізу үшін жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қызметкерлерінің Әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің «Интеграцияланған карта» модуліне қол жеткізуін ұсыну мүмкіндігін қарау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау шеңберінде ЕХӘҚМ әкімдіктермен бірлесіп, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың 1 041 қызметкерінің аталған модульге қол жеткізуін қамтамасыз етті.

Бұдан басқа, Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру мониторингі 6 800 жоба бойынша 239 000 адам, соның ішінде 120 000-нан астамы - жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасқанын көрсетті.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі