Алматы облысының әкімдігі 11 лауазымды тұлғаны тәртіптік жауаптылыққа тартты

Алматы облысының әкімдігі 11 лауазымды тұлғаны тәртіптік жауаптылыққа тартты

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-бағытының және Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасының іске асырылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша Алматы облысының әкімдігіне Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Алматы облысының әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі заңнаманың бұзылуына жол бергені, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны және пайдаланғаны үшін 11 лауазымды тұлғаны тәртіптік жауаптылыққа тартты.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі