
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылы жалпы сипаттағы трансферттерді және республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттерді және дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражатты жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.
Аудит қорытындысы бойынша Қарағанды облысының әкіміне мынадай:
- бюджет және өзге де заңнаманың бұзылуына жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау;
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы «Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік қызметін ұсынуды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау тапсырылды.
Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін Қарағанды облысының әкімдігі келесі шараларды қабылдады:
- 2020 жылғы 26 қазандағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен «Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қаржылық есептілік секторының меңгерушісі әкімшілік жауаптылыққа тартылды;
- «Жігер-Су» КМК, «Электржабдықтау» ЖШС, «ШетКоммунСервис» ШЖҚ КМК бұйрықтарымен кәсіпорын қызметкерлеріне лауазымдық нұсқаулықтарын бұзғаны үшін тәртіптік жазалар жарияланды. Сондай-ақ, Босаға, Киік, Доңғал, Тағалы елді мекендерінің 11 тұтынушысына сумен жабдықтау қызметтері үшін қайта есептеу жүргізілді;
- «ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы
25 тамыздағы № 883 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2020 жылғы 15 мамырдағы № 298 бұйрығымен Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларына толықтыру енгізілді.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі