Есеп комитетінің ұсынымдары орындалды

Есеп комитетінің ұсынымдары орындалды

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ активтерінің басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жалғыз акционерінің жобаларды акционерге өзге бөлу және оларды одан әрі пайдалану шеңберінде қаржыландыру бойынша шешімдер қабылдау тәртібін айқындау ұсынылды.

Есеп комитетінің ұсынымдарын орындау мақсатында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының дивидендтік саясатын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы №543 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 19 ақпандағы №80 қаулысымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ дивидендтік саясаты бекітілді, оған сәйкес Қордың жалғыз акционеріне өзге бөлу шеңберінде жобалардың іске асырылуын бақылау мен мониторингілеуді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесі жүзеге асырады.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі