Есеп комитетінің тапсырмалары бойынша «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ шаралар қабылдады

Есеп комитетінің тапсырмалары бойынша «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ шаралар қабылдады

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары активтерінің басқарылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ келесі шараларды қабылдады:

1) Платформа-вагондарды жеткізу бөлігінде (айыппұл санкцияларын ескере отырып) «ЗИКСТО»АҚ қабылдаған міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында «KTZ Express» АҚ және «ЗИКСТО» АҚ дауды (дау-шарды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты, оның шеңберінде «ЗИКСТО» АҚ-ның 10,2 млрд. теңгені (сыйақыны ескере отырып) өтеуі бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

2) «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ҚР ИИДМ-мен бірлесіп, «Халыққа қызмет көрсету, жолаушылар поездарында жолаушыларға қызмет көрсету» ұлттық стандартының талаптарына сәйкес жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдау шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау шарттарының талаптарын орындау мақсатында кешенді шараларды орындау бойынша құжаттарды бекітті.

3) Еншілес компаниялардың жалпы сомасы 28,5 млрд. теңге қаражатты өтеуін және/немесе қалпына келтіруін қамтамасыз ету бойынша қосымша мынадай шаралар қабылданды, атап айтқанда:

- «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «ЗИКСТО» АҚ және «Қазтеміртранс» АҚ арасында жеткізуді нақты орындау деңгейіне дейін азайту бөлігінде қаржылық лизинг және вагондарды сатып алу-сату шарттарына қосымша келісімдерге қол қойылды (сомасы 4,1 млрд. теңге берешек толық көлемде өтелді);

- «Жолаушылар тасымалы» АҚ 89 жолаушылар вагонын жеткізу бойынша 15,4 млрд. теңге көлемінде қаражат және 159,3 млн. теңге сомасында осы вагондарды уақтылы жеткізбегені үшін есептелген айыппұл аударды;

- «Жолаушылар тасымалы» АҚ («Вагонсервис» АҚ қарызын өтеу есебінен) «ҚТЖ» ҰК» АҚ алдында игерілмеген субсидияларды қайтару есебіне «ҚТЖ» ҰК» АҚ мүлкін мемлекеттік меншікке беру туралы келісім негізінде 8,8 млрд. теңге мөлшерінде берешегін өтеген.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі