
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті 2020 жылы Телекоммуникациялық желілер мен қызметтерді қамтамасыз ету саласында «Қазақтелеком» АҚ-ның мемлекет активтерін пайдалануының тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді. Оның қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» АҚ-ға мынадай:
- тәуекелдерге талдау жүргізуге қойылатын бірыңғай талаптарды айқындау бөлігінде Тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатқа өзгеріс енгізу бойынша;
- сомасы 180,4 млн. теңгеге бейінді емес активтерді, соның ішінде сомасы 2,5 млн. теңгеге жалпы алаңы 0,9 га болатын 25 бірлік тұрғын жылжымайтын мүлікті сату бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.
Аталған тапсырмаларды орындау үшін «Қазақтелеком» АҚ келесі шараларды қабылдады:
- Компанияның директорлар кеңесінің шешімімен Тәуекелдерді басқару саясатына тәуекелдерге талдау жүргізуге қойылатын бірыңғай талаптар айқындалған өзгеріс енгізілді;
- 25 тұрғын үй қорынан 10 пәтерді өткізді және 3 жер учаскесін иеліктен шығарды.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі