Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Есеп комитетінің тапсырмаларын орындау бойынша шаралар қабылдады

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Есеп комитетінің тапсырмаларын орындау бойынша шаралар қабылдады

«Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қару-жарақ және әскери техника бөлігінде жауынгерлік даярлығының қамтамасыз етілу деңгейінің тиімділігіне мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы» аудиторлық іс-шараның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2020 жылғы 31 шілдеге дейін қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының ең жоғарғы жұмыстылығын қамтамасыз ету мақсатында олар үшін жеткілікті тапсырыстар көлемін орнату бөлігінде мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылған.

Есеп комитетінің тапсырмаларын орындау үшін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының ең жоғарғы жұмыстылығын қамтамасыз ету үшін олардың тапсырыстарын ұлғайту жөніндегі іс-шараларды іске асыруды көздейтін Іс-шаралар жоспарын бекітті.

 

Есеп комитетінің баспасөз қызметі