
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу тиімділігін аралық бағалау, сондай-ақ дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша Есеп комитетінің тапсырмасын орындау үшін 311 «Жеке және заңды тұлғаларға, соның iшiнде шаруа (фермер) қожалықтарына берiлетiн субсидиялар» ерекшелігі бойынша бюджеттік өтінімде қамтылған есептердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етпегені үшін Ақмола облысы бойынша Ауыл шаруашылығы басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және маркетингі бөлімінің басшысы «қатаң сөгіс» жазасын қолдану түрінде тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Есеп комитетінің баспасөз қызметі